
Мәслихат сайлауы қарсаңында 86 мыңнан астам сайлау комиссиясы мүшесі оқытылады
13.10.2026
Мәслихат депутаттарын сайлау алдында еліміздің барлық өңіріндегі сайлау комиссияларының мүшелері арнайы оқыту семинарларынан өтеді. Бұл үдерісті ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы бүгін Орталық сайлау комиссиясының отырысында ОСК хатшысы Шавхат Өтемісов баяндады.









