
Сәкен Майғазиев немересі жатқан бесік марқұм әкесінен қалғанын айтты
06.10.2026

Сәкен Майғазиев немересі, ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан бесік туралы әңгімелеп берді, деп хабарлайды Kursiv.media.
Әнші немересін қатты жақсы көреді. Бұрын сыртынан күліп келген достарын енді түсінген. Cәкен Майғазиев бұл туралы Qazaqstan телеарнасына берген сұхбатында айтқан.
«Немере жаннан тәтті екен. Немересі бар достарым, аға буын немелерінің суретін, видеосын қайта-қайта көрсетіп, оларға деген махаббатын ынты-шынтысымен көрсетіп жатқанда, таңғалатынмын. «Маған қатты қызық емес қой» дегендей. Қазір өзім жұрттың бәріне немеремді көрсеткім келіп, үйге асығып тұрамын. Сондай сезімде жүрмін», – деді Сәкен Майғазиев.
Әнші осындай бақытты баршаға бұйыруын, немере, шөбере, шөпшектің қолынан май жалау нәсіп етілуін тіледі.
«Әкем марқұм жатқан бесік бар. Қанша ұрпақтан бері жалғасып келеді. Немерем бесіксіз жатпайды. Біріншіден, есік тазалық емес. Екіншіден, менің адал жарым, жұбайым Динара Асылханқызы көп нәрсені зерттеп жүр. Оның ішінде бесіктің адамға пайдасы жайында зерттеу жүргізіп жүр. Бесік баланың қан айналымына, ойлау қабілетінің ұшқыр болуына үлкен септігі бар екен», – деді әнші.
Айта кететін жайт, Музарт тобының әншісі Сәкен Майғазиев халықтан сүйінші сұрап, сырқаттанып қалған Кенжебек Жанәбіловтың жазылып, Ақтауға ұшып келгенін хабарлаған еді.
Источник: Курсив · Шадияр Өстемір
